Зерттеушілер интернеттен бас тарту миды 10 жылға жасартатынын мәлімдеді
Интернетсіз екі апта жүру назарыңызды, психоэмоциялық жағдайыңызды және әл-ауқатыңызды айтарлықтай жақсартады. Осыдан кейін адам өзін 10 жылға жас сезінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Science Blog басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
Зерттеуге АҚШ пен Канададан бір ай бойы 467 адам қатысты. Олар онлайн ресурстарға кірмей, тек қоңыраулар мен мәтіндік хабарламаларға ғана жауап берді.
Зерттеушілердің мәліметінше, цифрлық диетаны ұстану қиынға соқты. Тәжірибеге келіскен бастапқы 467 қатысушының 119-ы ғана 14 күннің онына шыдады.
Екі аптаның 10 күнінде "цифрлық диетаны" ұстанғандар телефонды 5-тен 2,5 сағатқа дейін ғана қолданды. Ал олардың 91%-ы психикалық саулығының айтарлықтай жақсарғанын хабарлады.
Тәжірибеден кейін қатысушылар өзара сөйлесіп, спортпен айналысу, серуендеу, кітап оқу дағдыларын қалыптастырған.
Ғалымдардың пайымдауынша, адамның интернетті көп тұтынуы ми ресурстарын сарқып, ой мен мінез-құлықты басқаруға кедергі келтіреді.
Зерттеушілердің сөзінше, мобильді интернетке кіруді толығымен шектеу кей адамдар үшін тым ауыр болуы мүмкін.