Зеленский Трамптың үндеуінен соң 60–90 күн ішінде сайлау өткізуге дайын екенін мәлімдеді, бірақ шарт қойды
Коллаж: Stan.kz
Дональд Трамптың үндеуінен кейін Украина президенті Владимир Зеленский екі шарт орындалса, сайла өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК-Украина басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
9 желтоқсанда Politico-ға берген эксклюзивті сұхбатында Дональд Трамп Украинада жаңа сайлау өткізу керегін айтқан еді.
“Украинада көптен бері сайлау өткен жоқ. Олар демократия туралы айтып жүр. Алайда бұл демократияға ұқсамайды”, – деді Трамп.
Кейін Владимир Зеленский Трампқа үн қатты. Ол "орнынан айырылғысы келмейді" деген сияқты айыптауларды орынсыз деп атады.
“Сайлау өткізу үшін екі мәселені шешу керек. Біріншісі – қауіпсіздік, яғни шабуылдардың ортасында, зымырандардың астында мұны қалай ұйымдастыруға болады. Екіншісі – сайлаудың заңды өтуіне қажетті заңнамалық негіз”, – деді Зеленский.
Трамп "елге пайда әкелмейтін" ауғанстандық мигранттарды жаппай депортациялайтынын айтты
Украина президенті АҚШ пен Еуропа елдерінен сайлауды қауіпсіз жағдайда өткізу үшін көмек сұрағанын айтты.
“Мен сайлау өткізуге дайынмын. Ең маңыздысы, АҚШ пен еуропалық әріптестерден сайлауды қауіпсіз жағдайда өткізуге көмектесуді сұраймын. Сонда ғана Украина 60–90 күн ішінде сайлауға дайын болады”, – деді ол.
Зеленский халық қалаулыларын әскери жағдай кезінде сайлау өткізуге қатысты заңға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды дайындауға шақырды. Оның айтуынша, тиісті бастамалар жақын уақытта дайын болуы тиіс.
Ресей президенті Владимир Путин де Украинамен бейбіт келісімге келу мүмкіндігін талқылағанда Зеленскийдің легитимдігі мәселесін қозғаған. 2024 жылдың 21 мамырында Зеленскийдің бес жылдық президенттік өкілеттік мерзімі аяқталған еді.
Айта кетейік, бұған дейін Украина Дональд Трамптың әкімшілігі әзірлеген бейбітшілік жоспарының шарттарына келісетінін хабарлағаны туралы жазған едік.
"Фонограммасыз ән айтуға біздегі аппаратура жарамайды": Қазақстандық әншілер жаңа заңға қатысты ойларын айтты