Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зеленский: "Қытайдың бірнеше жүз азаматы Ресей әскерінің қатарында соғысып жүр"

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей күштері құрамында "кемінде бірнеше жүздеген Қытай азаматы" соғысып жүргенін айттын. Оның сөзінше, бұл Мәскеудің соғысты созуға тырысып жатқанын білдіреді. Зеленский 11 сәуір күні "Рамштайн" форматындағы Украина қорғанысын қолдау жөніндегі байланыс тобының отырысы кезінде сөз сөйледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Украинская правдаға” сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: AP Photo

“Бізде бар ақпаратқа сәйкес, Ресей әскерінің құрамында кемінде бірнеше жүздеген Қытай азаматы соғысып жатыр. Бұл Ресейдің қытай азаматтарының өмірін қауіпке тіксе де, соғысты жалғастыруға тырысып жатқанын көрсетеді. Путинге Солтүстік Кореядан келген сарбаздар жеткіліксіз болды. Енді ол шығындарды өтеу үшін тағы бір ұлтты, яғни қытайларды тартуға тырысып жатыр”, – деді Украина президенті.

Зеленский халқын бірлесіп Мәскеуге қысым көрсетуге шақырды. Сонда ғана нәтижеге жететіндерін айтты.

8 сәуір күні Зеленский Донецк облысында украиналық әскери қызметкерлер Ресей армиясы құрамында соғысқан екі Қытай азаматын тұтқындағанын хабарлады. Ол сыртқы істер министріне бірден Пекинмен байланысып, Қытайдың бұл жағдайға қалай әрекет етпек екенін анықтауды тапсырды.



Кейін Киев Ресейдің тұтқынында жатқан украин жауынгерлерін босату үшін екі қытайлық тұтқынды айырбастауға мүдделі екенін мәлімдеді.

Алайда Қытай Зеленскийдің “Пекиндегі ресми тұлғалар Қытай азаматтарының Украинадағы соғысқа Ресей әскерінің қатарына қосылып, қатысып жатқанын біледі” деген мәлімдемесін жоққа шығарды.

Пекинде өткен баспасөз конференциясында Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Линь Цзянь бұл сөздерді "жауапсыз мәлімдеме" деп атады.

“Біз тараптарға Қытайдың рөлін дұрыс әрі нақты тануға кеңес береміз”, – деген Линь Цзянь Украинаның да, Ресейдің түсінтүстеп айтпады.

Сондай-ақ ол Пекиннің өз азаматтарына шетелдік қақтығыстардан аулақ болуды үнемі кеңес беретінін және әсіресе, қытай азаматтарына шетелдік әскери операцияларға қатыспауға шақыратынын атап өтті.

Талқылау