Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зеленский Қырымды қайтару үшін мыңдаған адамның өмірін қауіпке тікпейтінін айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Қырымды қайтару үшін мыңдаған адамнан айырылғысы келмейтінін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “The Moscow Times” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: t.me/V_Zelenskiy_official

“Қырымды қайтару үшін мыңдаған адамнан айырылып қала алмаймыз... Біз Қырымды дипломатиялық жолмен де қайтаруға болатынын түсінеміз. Заңды түрде Киев Украинаның басып алған бірде-бір аумағын Ресейдікі деп тани алмайды. Десе де Украина билігі қазір қолға қару алып Ресей әскерін кері шегіндіруге күші жетпейтінін түсінеді”, – дейді Зеленский.

Украина президенті соғысты АҚШ-тың әскери көмегімен тоқтату туралы сұраққа жауап берді. Айтуынша, бұл қолдаусыз Укарина соғысты жалғастырады. Бірақ ақыры соғыста жеңілетінін айтады.

“Соғыстың қашан аяқталатыны Владимир Путинге байланысты, бірақ негізінен АҚШ-қа көбірек байланысты. Путин АҚШ-тан әлсіз. АҚШ президентінде күш те, билік те, сондай-ақ қару және энергия бағасын төмендету мүмкіндігі бар. Айтпақшы, мен БАҚ беттерінен жаңадан сайланған президент Дональд Трамптың энергетикалық ресурстар мен мұнай бағасын төмендетуді ойлап жүргенін білдім”, – дейді Владимир Зеленский.

Украина президенті мұның ауадай қажет екенін атап өтті.



Бұған дейін Украина Ресейге ATACMS зымыранымен алғашқы шабуылын жасағаны туралы жазған едік.

Талқылау