Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зеленский екінші рет президент сайлауына қатыспақ

Украинаның президенті Владимир Зеленский екінші мерзімге президент сайлауына түсу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зеленский президент сайлауына тағы қатысқысы келетінін мәлімдеді.

"52% сенім деңгейімен оның әлі де президент сайлауында жеңіске жету мүмкіндігі бар", – делінген хабарламада.

Владимир Зеленскийдің сайлаудағы басты бәсекелесі – Украина Қарулы күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы және Украинаның Ұлыбританиядағы елшісі Валерий Залужный. Бірақ ол әлі "саяси болашағы" туралы түпкілікті шешім қабылдаған жоқ.

Сондай-ақ Залужныйды сайлауға қатысса, қылмыстық жауапкершілікке тартады деп қорқытып жатыр деген ақпарат та тарады.

Өткен жылдың желтоқсан айында украиналық "Страна" басылымы Зеленскийдің кеңсесі Залужныйдың президент сайлауына түсуіне кедергі келтіріп жатқанын хабарлады. Бас тартқан жағдайда оған "Халық қызметшісі" партиясының тізімінен орын және Жоғарғы Рада спикері лауазымы ұсынылады.

Бастапқыда 2024 жылдың наурызына жоспарланған президент сайлауы елдегі әскери жағдай жойылған жағдайда ғана өтуі мүмкін.

6 қаңтарда Зеленский сайлауға қатысу-қатыспау туралы әлі шешім қабылдамағанын айтты. Ол дауыс берудің нақты күнін атамады.

Талқылау