Зеленский аумақ мәселесін Путинмен ғана талқылайтынын мәлімдеді
Фото: president.gov.ua
Украина президенті Владимир Зеленский аумақ мәселесін тек Владимир Путинмен ғана талқылайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК-Украинаға сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жөнінде Владимир Зеленский Вашингтондағы саммиттен кейін мәлімдеді.
"Біз бұл туралы ұзақ сөйлестік, мемлекетіміздің кейбір бөлігі, шығыстың бір бөлігі мен Қырым бір армия екінші армияға қысым көрсетіп, екіншісі кері шегініп жатқандықтан оккупацияланбағанын түсіну өте маңызды. Өйткені, мәселен, Қырымда бастырмалатқан әскери әрекеттер болған жоқ, сондықтан мына аралықта осындай үлкен аумақ оккупацияланды, өйткені ресейліктердің әскері мықты деуге болмайды", – деді Украина басшысы.
Ол мұндай сәттер біреуді кінәлау үшін емес, АҚШ президенті әскердің қандай нақты жетістіктерге жетіп жатқанын және Украина қарулы күштерінің қандай күшке ие екенін түсінуі үшін маңызды екенін атап өтті.
Ол, сондай-ақ, аумақтар мәселесін Путин екеуі ғана талқылайтынын атап өтті.
"Меніңше, президент (АҚШ президенті – ред.) мұны естіп, көріп отыр әрі бұл маңызды ақпарат. Сондықтан аумақтар мәселесі – Путин екеуміздің арамызда қалатын мәселе", – деді Зеленский.
Еске салсақ, 18 қыркүйекте Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский кездесті. Владимир Зеленский мен бірқатар Еуропа мемлекеттерінің басшылары АҚШ президенті Дональд Трамппен Ақ үйде Украинадағы соғысты аяқтау жөнінде келіссөздер жүргізді.
Зеленский және еуропалық көшбасшылармен өткен келіссөздерден соң Трамп Путин мен Зеленскийдің кездесуіне дайындық басталғанын, одан кейін өз қатысуымен үшжақты саммит өтетінін мәлімдеді. Германия канцлері Мерцтің айтуынша, Путин мен Зеленскийдің келіссөзі екі апта ішінде өтуге тиіс.

"Желке сүйегін алып тастады": Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында кішкентай қыздың үстіне футбол қақпасы құлаған
