Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зеленский АҚШ-қа Украинаның пайдалы қазбаларын беру туралы келісімге қол қоймады

Украина президенті Владимир Зеленский Мюнхендегі кездесуде америкалық шенеуніктер ұсынған, АҚШ-қа Украинаның пайдалы қазбаларының 50%-ына құқық беретін келісімге қол қоюдан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Unian.net басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: zelenskiy.official / Facebook

"Мюнхендегі бірнеше заң шығарушы маған АҚШ Конгресі делегациясы Зеленскийге бір парақ қағаз ұсынғанын айтты. Онда АҚШ-қа Украинаның болашақ минералдық қорларының 50%-ына құқық беру қарастырылған. Зеленский оны сыпайы түрде қол қоюдан бас тартты", – деп жазылған басылымда.

Сонымен қатар Reuters агенттігінің дереккөздері Мюнхендегі кездесуде Зеленскийдің АҚШ дайындаған келісімге қатысты алаңдаушылық білдіргенін хабарлады.

"Зеленский өзінен танысып үлгермеген құжатқа қол қоюды талап етіп отырғандай сезінді. Бәріне бірден қол қоюға дайын емеспін. Бірақ АҚШ-пен пайдалы қазбалар жөніндегі ықтимал келісімді талқылауға әзірмін", – деп мәлімдеді.

Украина Конституцияға негізделген өз ұсынысын жасайтынын атап өтті. Алайда ресми Киев бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ.



Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Американың көмегіне қайтарым ретінде Украинамен электроника және басқа да жаңа технологиялардың маңызды құрамдас бөлігі – сирек жер металдарын алдыру туралы келіссөздер жүргізгісі келетінін жеткізді. 

Талқылау