Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зарина Омарова жол апаты салдарынан сахнадан алыстағанын айтты

Өзіндік тыңдармандары бар Зарина Омарова он алты жасында жол апатына түсіп, жарты жылдай төсек тартып жатқан. Ауыр жол апатынан кейін әнші бірнеше рет ота жасатып, өмірге деген көзқарасы өзгерген.

11363912_1721333801444991_553909293_n

Фото: instagram.com/zarina_omarova_official/

Бұл туралы “Жансырым” бағдарламасында айтып берді.

Зарина Омарованың өнер жолын таңдауына әкесі әу бастан қарсы болған. Қыз балаға сахнада жүру қиынға соғады деп ойлаған. Алайда Зарина “Әнші балапан”, “Музыкальный вояж”, “Жас қанат”, “Азия даусы” сияқты түрлі байқауға қатысып, сахнаға әкесінің арқасында ғана шығып жүрмегенін дәлелдеді.

Халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, өзін енді ғана әнші ретінде сезіне бастаған Заринаның өмірінде тосын жағдайлар көп-ақ. Жұлдыздай жарқырап келе жатқан бойжеткен тағдырдың қатал сынағына тап болды. Сүйікті сахнасы да, қаумалаған көрермен де бір сәтте көзінен ғайып болды.

12328291_496397970551580_1429482793_n

“Өмірімде бір қиын сәт болды. Ол – жол апаты. 16 жасымда ауыр жол апатына түстім. Жанымдағы екі адам да көз жұмды. Жалғыз өзім тірі қалып, қаншама рет ота жасаттым. Жарты жылдай төсек тартып жатып, өмірден үлкен сабақ алдым. Әке-шешем мен әжемнің ерке қызы едім, бір сәтте-ақ есейіп кеттім. Ойларым да өзгере бастады. Жарты жылдай төсек тартып жатқан соң ақрндап балдаққа тұрдым. Жамбасым сынған соң, артынша арбаға таңылдым”, – деп әнші өміріндегі қайғылы оқиғаны еске алды.

image

12965096_222342188129716_1257638772_n

Ауыр жол апатынан кейін әншіні ата-анасы Испанияға емделуге жібереді. Ем алып қана қоймай, өмірде кімнің нағыз жанашыр екенін түсініп елге оралады. Кейін отбасын құрып, балалы болады. Бар уақытын келін парызын өтеуге арнайды.

“Жаңа альбом жазып жатырмын. Өмірден, өнерден алған тәжірибем бар. Әрине, репертуар таңдаған кезде қорқыныш болады. Бірақ ол қорқыныш қазіргі заманауи әндерге бір көз салу керектігін білдіреді. Бір жағынан өзімнің де тартымды тұсым бар шығар. Өйткені бұрын орындаған әндерім халыққа ұнап жүрді”, – деп әнші өмірге деген көзқарасының ғана емес, әнге деген талғамының да өзгергендігін жеткізді.

12912451_478030972396679_573153846_n

Енді әнші араға көп жыл салып, қазақ эстрадасына қайта оралуды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін “Меломен” тобы әншілерінің жол апатына ұшырағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау