Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зарина Дияс ұзақ үзілістен соң алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс ұзақ үзілістен кейін Түркияның Кайсери қаласында өткен ITF W50 турнирінде жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҚТФ

Зарина Дияс Түркияның Кайсери қаласында өткен ITF W50 турнирінің жекелей сында жеңімпаз атанды. Қазақстанның төртінші ракеткасы Түркиядағы турнирдің финалында белоруссиялық Алена Фалеймен кездесіп, үш сетте 0:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Зарина Дияс әлемдік рейтингте 488-орынға жайғасса, қарсыласы Алена Фалей 224-орыннан көрінді. Осылайша қазақстандық теннисші ITF санатында жекелей сында оныншы рет топ жарды.

Айта кетейік, Зарина Дияс жарақатына байланысты екі жыл жарыс алаңынан көрінбеді. Ол тек осы жылдың мамыр айында қайтадан халықаралық турнирде бақ сынай бастаған еді. 

Талқылау