Кен орнын дамыту Qarmet компаниясының Темір кені департаментін жаңғыртуға бағытталған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болмақ. Бөлімшені дамытуға салынатын инвестицияның жалпы көлемі 400 миллион доллардан асады.
Жаңа учаскелерді игеру, заманауи өндіру технологияларын енгізу және шикізат базасын кеңейту өндірістің тұрақты өсуіне негіз қалыптастырып, металлургиялық кешеннің тиімділігін арттыруға және Қазақстанның тау-кен металлургия саласының одан әрі дамуына ықпал етеді.



