Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қазақстандық әйел Әзірбайжаннан экстрадицияланды

Бас прокуратурасы мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Әзірбайжандағы елшілігінің қолдауымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін күдікке ілінген азаматшаны елге экстрадициялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Тергеу мәліметтері бойынша, ол 2023 жылы Алматы қаласында бірнеше адаммен алдын ала келісіп, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Бұл әрекет арқылы аса ірі көлемде пайда тапқаны анықталған.

Құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Биыл қаңтар айында ол Баку қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы негізінде отанына қайтарылды.

Қазір күдікті Алматы қаласының тергеу изоляторында қамауда. Оған қатысты мүлкін тәркілей отырып, 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 



Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда адам ағзаларын саудалаумен айналысқан 35 жастағы әйел Украина-Польша шекарасында ұсталды. Деректерге сүйенсек, ол адам ағзасын сатумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған. 

Талқылау