Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қажылыққа заңсыз барғандарға 13,5 миллион теңге айыппұл салынады – ҚМДБ

Фото: pixabay.com

Сауд Арабиясы корольдігі 2025 жылдың 29 сәуірі мен 10 маусымы аралығында заңсыз және визасыз қажылық жасаған, сондай-ақ оларға көмектескен адамдарға да тыйым салынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігінің қажылық бөлімінің дерегінше, қажылықты заңсыз орындап жатқан немесе орындауға әрекет еткен азаматтар көрсетілген уақыт аралығында қасиетті орындарда қалуға немесе зиярат жасауға әрекет еткен барлық түрдегі виза иелеріне 20 мың Сауд Арабиясы риалы немесе 5300 доллары (2 691 499 теңге) көлемінде айыппұл салу белгіленді.

"Қажылық визасы жоқ шетел азаматтарына, қажылықты орындауға әрекет етіп Мекке және қасиетті орындарға кірген азаматтарға және шетелдіктердің сапарын басқа визалар арқылы ұйымдастырған жауапты өкілдерге 100 мың Сауд Арабиясы риалы (шамамен 26 600 доллары) көлемінде айыппұл қарастырылған. Бұл айыппұл сомасы әрбір жалған виза үшін жеке-жеке түрде есептеледі. Сонымен қатар заңсыз түрде Мекке аумағына кіргендерді жасырғандар, оларды тасымалдаған көлік жүргізушілері, орналастырған қонақүйлер мен жеке үй иелеріне де 26 600 доллары көлемінде (13 508 278 теңге) айыппұл салынады", – делінген хабарламада.

Заңсыз түрде қажылық жасауға әрекет еткен азаматтар, Сауд Арабиясында уақытша тұрған, уақыты аяқталған немесе заңсыз түрде мекендеп отырған азаматтар өз еліне депортация жасалады және олардың 10 жыл Сауд Арабиясына кіруіне тыйым салынады. Қажылық визасы жоқ шетелдік азаматтарды тасымалдаған транспорттар оларға көмектескен азаматтарға тиесілі болса, ол көліктер сот арқылы мемлекет есебіне өткізіледі.

Виза уақыты аяқталса да, Саудия аумағынан шығып кетпеген шет ел азаматтарына 50 мың риал (6 769 983 теңге) көлемінде айыппұл, 6 айға дейін қамау жазасы және депортация жазасы белгіленген.

"2025 жылы Сауд Арабиясы 1 миллион 800 мың қажыны күтіп алуды және оларға қызмет көрсетуді жоспарлап отыр. Осы орайда қажыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында қажылық жасау ресми түрде тек қажылық визасы арқылы жүзеге асырылады, басқа кез келген виза түрімен Мекке мен қасиетті жерлердің аумағына кіруге тыйым салынады. 2024 жылы Сауд Арабиясына басқа виза түрімен келіп заңсыз қажылық жасаған 300 мыңнан астам шетел азаматын анықтаған. Сауд Арабиясы 2025 жылдың 29 сәуірі мен 9 маусым аралығында бірнеше мемлекет үшін электронды визаға ұсыныстар қабылдауды тоқтатты. Бұл шешімге шетел азаматтарының умра үшін барып, көпшілігінің рұқсатсыз қажылық жасауға қалып кетуі себеп болған", – делінген хабарламада. 

Әлемдегі ең танымал туристік бағыттар белгілі болды


Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесіне орай қанша күн демалады


Еске салайық, бұған дейін Сауд Арабиясы 29 сәуірден бастап қажылық маусымы кезінде Мекке мен Мәдина қалаларына кіру талаптарын күшейтетінін жазған едік. Сауд Арабиясының мемлекеттік органдарының мәліметіне сәйкес, қасиетті мекендерге арнайы қажылық визасы арқылы ғана кіруге болады.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 14 Мамыр, 2025 10:50
Талқылау