Заңғар Нұрланұлы Australian Open Junior турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Australian Open Junior турнирінде сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жартылай финал үшін өткен тартыста отандасымыз Гонконг атынан сынға түскен Кай Томпсонды жеңді. Алғашқы сетте Заңғар 6:1 есебімен айқын басымдық танытса, екінші партияда 6:4 есебімен жеңісті өз пайдасына шешті.
Жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 12-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы бұған дейін турнирдің үшінші айналымында Ресейдің 18 жасқа дейінгі теннисшілері арасындағы бірінші ракеткасы Савой Рыбкинді жарыстан шығарған еді.
Айта кетейік, маусымдағы алғашқы "Үлкен дулыға" турнирі Australian Open 18 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Австралияның Мельбурн қаласында өтеді.