"Заңды түрде асырап алуға көмектесеміз": Алматыда бала саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Алматы полициясы жаңа туған және кәмелет жасқа толмаған балаларды саудаға салмақ болғандардың жолын кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, 25 тамызда әлеуметтік желідегі “surak.baribar” парақшасында “кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесеміз” деген қылмыстық топтың әрекеті туралы ақпарат түскен.
“28 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының тумасы, 38 жастағы күдікті анықталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.
Күдікті қамауға алынды. Қазір барлық қажет тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Алматыда әженің 5 айлық нәрестені саудалағаны туралы жазған едік.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты