Жаңбыр қарға ауысып, көктайғақ болады: Синоптиктер алдағы күндердің ауа райын болжады

Фото: Freepik.com
Қазгидромет 14-16 сәуір үшін ауа райы болжамын жариялап, жаңбыр жауатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты және жауын-шашынды ауа райы болады. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы нөлден төмендеп, жаңбыр қарға ауысып, көктайғақ болуы мүмкін.
Күшті жаңбыр, бұршақ және екпінді жел батыс өңірлерде, 16 сәуірде оңтүстікте, 15–16 сәуірде солтүстікте және орталықта болады.
14 сәуірге қараған түні шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанды. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшеймек.
Ауа температурасы төмендейді:
- батыста түнде +2…+10°С, күндіз +10…+15°С;
- солтүстікте түнде -2…-8°С, күндіз 0…+7°С;
- оңтүстікте түнде +3…+13°С, күндіз +8…+18°С.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"