Қазақстанда қайтарымсыз әуе билеттерін сатуға тыйым салынбақ
Сауда министрі Арман Шаққалиев заң жобасы ұсынылып, әуе билеттерін сатып алу және туристік қызмет көрсету бойынша келісімшарттар негізінде 100% қайтарымсыздықты жойғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pexels.com
Мәжіліс "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Сауда министрі Арман Шаққалиев құжатта медициналық өнімдерді қайтарылмайтын тауарлар тізімінен шығару қарастырылғанын хабарлады. Ұялы байланыс абоненттік құрылғылары да қайтарылмайтын тауарлар қатарынан шығарылды.
"Қоғамдық тұтынушылар бірлестіктеріне тауарлар мен қызметтерді тестілік сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік берілді. Тұтынушы тауарды несиеге сатып алған жағдайда оны қайтару шарттары, кәсіпкерлік субъектілерінің мүмкіндігі шектеулі тұтынушылармен қарым-қатынасы түсіндірілді", – деді сауда министрі.
Арман Шаққалиев заң жобасында авиабилеттерді сатып алу және туристік қызмет көрсетудегі келісімшарттар бойынша 100% қайтарымсыз жағдай алып тасталғанын айтты.
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қайтарымсыз билеттерге қатысты мәселелерге тоқталды.
"Халық заңсыздықтан шаршады. Билеттер қайтарылмайды, рейстер кешіктіріліп жатыр. Осы себептерге байланысты мүгедектер мен кәмелетке толмағандар рейссіз қалып жатыр", – деді депутат.
Кейін мәжіліс отырысында Шаққалиев билетті қайтаруға құқығы бұзылған тұтынушылар ғана ие болатынын түсіндірді.
"Сіз ұшқыңыз келмесе, онда шарттың талаптарын бұздыңыз. Бұл әр жағдайда бола бермейді. Егер тұтынушы құқығы бұзылса, тек осы жағдайда біз ақшаны қайтарамыз. Қызмет көрсету шарттары бұзылған кезде сіз толық көлемде қайтарып алуға мүмкіндігіңіз бар", – деді министр.
Заң жобасында сондай-ақ мынадай түзетулер бар:
- Азаматтық тұтынушылық дауларды шешу тәртібі көп сатылыдан екі кезеңді процеске дейін жеңілдетіліп жатыр. Екінші кезеңде сотқа дейінгі іс жүргізуді сақтай отырып, тұтынушыға өз құқықтарын қорғау әдісін таңдау құқығы беріледі. Тікелей сотқа талап қою немесе дауды соттан тыс шешу субъектілеріне (медиатор/төрелік) жүгіне алады. Мемлекеттік орган немқұрайлы кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауапқа тарта алады.
- "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның негізгі қағидаттары салалық реттеуді және осы салалардағы тиісті мемлекеттік органдардың құзыретін сақтайды. Қаржылық салалардан басқа қызмет көрсетудің барлық саласына таратылады.
- Тұтынушылардың белгілі және белгісіз шеңбері ұғымдары ажыратылады. Бірқатар ЕАЭО елдеріне ұқсас, омбудсмен мен қоғамдық бірлестіктер заң бойынша тұтынушылардың белгісіз санына сотқа талап қоюға құқылы.
- Кәсіпкердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі оның кәсіпкерге жүгінуінің сотқа дейінгі сатысында бұзылған құқықтары қалпына келтірілмеген тұтынушының пайдасына азаматтық іс жүргізу тәртібімен сот өндіріп алатын айыппұл түрінде енгізіледі.
Түзетулер интернет-саудада тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін ұсынылады.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық лоукостер FlyArystan әуе компаниясы депутаттың әуе билеттерінің қымбаттығына қатысты сынынан кейін мәлімдеме жасады. Әуе компаниясы іске қосылғаннан кейін 2019 жылдың көктем-жаз маусымына ең төменгі тарифтегі билеттер ұшу күнінен 2-4 апта бұрын сатылатын. 4 жылдан кейін статистика күрт өзгерді және қазір барлық бағыттарға арзан билеттерді алдын ала сатып алу мерзімі 6-8 айды құрайды. Сондықтан жолаушылар орындардың көп бөлігін осы жаз айларына жылдың басында сатып алып қойған.