"Заманауи өнердің дамуына үлес": Halyk Bank Almaty Museum of Arts-тың бас серіктесі атанды

Фото: Роман Егоров
Halyk Bank пен Almaty Museum of Arts Қазақстандағы заманауи өнерді дамытып, қолдау мақсатында ұзақ мерзімді серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Банк осы арқылы мұражайдың негізгі көрмелеріне, білім беру бағдарламаларына және баспа жобаларына бас серіктес ретінде қолдау көрсетеді.
Бұл серіктестік Орталық Азиядағы ең ірі заманауи өнер мұражайы мен өңірдегі жетекші қаржы институтының күшін біріктіреді. Сондай-ақ Қазақстанда бизнес пен мәдени ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа үлгісін көрсетеді.
Halyk Bank Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова бұл бастаманың еліміздің мәдениетінің дамуына жасалған маңызды үлес екенін алға тартты.
"Біз Halyk Bank компаниясы әу бастан әлеуметтік жауапкершілікті жалау еткенін жиі айтып отырамыз. Мәдениетті қолдау – біздің басты мақсатымыз. Ал Алматыдағы бұл музей тек қаланың ғана емес, бүкіл Қазақстанның визиттік картасына айналды. Заманауи мұражайымыз жайлы өзге елдер де біліп жатыр. Мұражайдың көлемі мен ауқымы таңқалдырады. Ал әрбір көрме мен жоба жастар мен қонақтарға шабыт береді. Halyk Bank бұл жобаның бас серіктесі болып, қаражатты көрмелерді, білім беру бағдарламаларын және мәдени жобаларды дамытуға жұмсайды. Бұл меморандум музей мен Қазақстан үшін маңызды қадам. Алдағы уақытта көрмелер Алматы мен Қазақстанға туристер тартып, жастарды өнермен шабыттандырады деп үміттенемін. Almaty Museum of Arts-пен жасалған осы бір ынтымақтастық біздің мәнді де мағыналы бастамаларға қолдау көрсетуді бас ұстанымға айналдырғанымыздың айғағындай", – деді Үміт Шаяхметова.
Мұражай мен банк бірге мәдени өмірді дамытып, білім беру жобаларын тұрақты дамытуға бірге күш салады. Almaty Museum of Arts негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов Halyk Bank-пен серіктестік ауқымды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Фото: Роман Егоров
“Біз үшін Қазақстандағы заманауи өнердің дамуына бейжай қарамайтын, қолдаушы адамдарды тарту маңызды. Halyk Bank біздің ұсынысымызды қолдап, бүгін ресми түрде серіктестік туралы келісімге қол қойып отыр. Halyk Bank бөлетін қаражат Қазақстанға ауқымды халықаралық көрмелерді әкелуге жұмсалады. Алғашқы ірі халықаралық көрме биыл маусым айында өтеді. Сонымен қатар банк қаражатымен музейдегі түрлі білім беру және мәдени жобалар жүзеге асырылады. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Өйткені Halyk Bank – Қазақстандағы ең ірі әрі жетекші банктердің бірі. Сондықтан Орталық Азиядағы алғашқы жеке музей мен Halyk Bank арасындағы бұл серіктестік ел үшін маңызды әрі берік болады деп сенемін. Алда бізді тағы көптеген бірлескен жобалар күтіп тұр”, – деп қосты Нұрлан Смағұлов.
Осы жылдың маусым айында халықаралық жоба – “Билл Виола: Екі дүние арасы" көрмесі өтеді. Бұл ынтымақтастық аясында ұйымдастырылғалы отырған 2026 жылдың басты жобасы.
Билл Виола – видеоарттың дамуына үлкен үлес қосқан, ықпалды суретші. Оның көрмелері MoMA (Нью-Йорк), Tate (Лондон), Guggenheim Bilbao (Бильбао) және Centre Pompidou (Париж) сияқты жетекші мұражайларда өтті. Виоланың видеоинсталляциялары өмір мен өлім, есте сақтау, уақыт және рухани трансформация сияқты маңызды тақырыптарды қозғайды. Бұл көрме Орталық Азия үшін ерекше болып, еліміздің әлемдік туындылармен байланысын күшейтеді.

Фото: Роман Егоров
Almaty Museum of Arts-тың директоры Татьяна Ходжаеваның айтуынша, мұндай қолдау қоғам мен мәдениеттің байланысын одан әрі нығайтады.
“Мұражай ашылғаннан бері 250 000-нан астам қонақ келді. Көрмеге күн сайын әртүрлі жастағы адамдар, әртүрлі мамандық иелері және мәдени ортасы әртүрлі адамдар келеді. Біздің бағдарламамызға тек кәсіби суретшілер ғана емес, өнер әлеміне алғаш қадам басқан адамдар да қызығушылық танытады. Мұражай 2025 жылдың қыркүйегінде ғана ашылғанына қарамастан, Tate пен Getty Foundation сияқты халықаралық ұйымдармен бірлескен жобаларды жүзеге асырды. Бұл оның әлемдік өнер кеңістігіндегі маңызын көрсетеді. Біздің миссиямыздың бірі – халықаралық өнер процесіне белсенді қатысып, дәстүрлі шығармашылығымызды болашақ өнер әлемінде таныстыру. Ал Halyk Bank-тің қолдауы – мұражайдың ел мәдениетіндегі рөлін мойындаудың және біздің жұмысымызға берілген ең маңызды бағалардың бірі”, – деді ол.
Серіктестік аясында Алмагүл Меңлібаева мен куратор Гридтия Гавивонгтың "Мен бәрін түсінемін" жобасының екінші бөлімі көрсетілді. Алмагүл Меңлібаева өз жұмыстарының мән-мағынасын таныстырып, тарихымен бөлісті. Шара банк пен мұражай басшылығы меморандумға қол қойды.
Halyk Bank – жиынтық активтері 20 триллион теңгеден асатын Қазақстандағы ең ірі банк. Банктің үлесіне Қазақстан Республикасының экономикасының нақты секторын кредиттеудің 50%-дан астамы тиесілі. Halyk Bank еліміз бойынша 540-тан астам бөлімшеден тұратын филиалдық желі мен цифрлық арналар арқылы қызмет көрсететін ең ірі клиенттік базалардың біріне ие. Сонымен қатар, банк Грузия мен Өзбекстанда да қызметін жүзеге асырады. Halyk Bank шетел капиталы қатыспайтын коммерциялық банктер арасында ең жоғары несиелік рейтингтерге ие (инвестициялық деңгейде: Moody’s – Baa1 / Fitch – BBB- / S&P – BBB-).
Halyk Bank қайырымдылық қызметімен кеңінен танымал. Соңғы 5 жылда банк пен "Halyk" қайырымдылық қоры бүкіл ел бойынша әлеуметтік жобаларға шамамен 62 млрд теңге бағыттады.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген