"Залды жалға алу ақысы төленбеген": Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей қалды

Атырау қаласында Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, халыққа ештеңе түсіндірмеген.
“Біз концерт басталуына бір сағат қалғанда келдік, бірақ бәрі жабық болды. Кейін біреу шығып, концерттің болмайтынын айтты, – деді көрермендердің бірі.
-
"Бизнес класс, люкс нөмір, қымбат көлік": Мирас Жүгінісовтың райдері белгілі болды
-
"Ашуланып келгенде үндеме": Қазақ эстрадасының әндері зорлық-зомбылықты қалай насихаттайды?
Іс-шараны Атырау мен Құлсарының жас ұйымдастырушылары өткізбек болған. Алайда олар не себепті қарапайым ұйымдастыру жұмыстарын орындай алмағанын түсіндірмеді. Ал көрермендерден әнші Мирас Жүгінісовтің өзі кешірім сұрады:
“Біз де сіздер секілді сахна сыртында күтіп тұрдық, бәрі реттеледі деп үміттендік. Өкінішке қарай, залды жалға алу ақысы төленбеген болып шықты. Бұл өкінішті жағдай, – деді ол.
Концерттің басқа күнге ауыстырылатыны туралы айтылған жоқ, бірақ ұйымдастырушылар билет ақшасын қайтарамыз деп уәде берді. Арнайы концертке Атыраудан ғана емес, Құлсары мен Орал қаласынан да көрермендер келген.
Түркістандық кәсіпкер жоғары лауазымды полиция қызметкерлерін өз компаниясына тиесілі жүк көлігін ұрлады деп айыптады