"Ұзақ күте алмаймыз": Ресей уәде еткен үш ЖЭО-ны Қазақстан өз күшімен салуға дайын
Фото: pixabay.com
Премьер-Министр Олжас Бектенов брифингте Ресей салып бермек болған үш жылу электр орталығына қатысты сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, жақын арада қаржыландыру бойынша нақты жауап алынбаса, Қазақстан ресейлік компанияның қаражатына салынатын үш ЖЭО-ны өз бетінше салуға кіріседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкімет басшысы Көкшетаудағы жылу электр орталығын өз күшімізбен сала бастағанымызды атап өтті.
"Әзірге Ресей тарапынан кепілдендірілген, арзан қаржыландырудың берілуі туралы нақты ақпарат алған жоқпыз. Сондықтан Көкшетауда ешкімге жүгінбей, өз күшімізбен құрылысты бастап кеттік. "Самұрық-Энерго" айналысып жатыр. Семей мен Өскеменге келсек, біз әлі Ресей тарапынан жауап күтіп отырмыз. Жақын арада жауап болмаса, бұл жобаларды өз күшімізбен іске асыру нұсқаларын да қарастырамыз. Олар (ЖЭО – ред.) өте маңызды, ұзақ күте алмаймыз. Бізге жылу да, электр энергиясы да қажет", – деді Бектенов.
Оның айтуынша, жобаларды іске асыру кезінде "Самұрық-Энерго" нарықтық тетіктерге жүгінеді, сондықтан бюджетке салмақ түспейді. Станциялар іске қосылғаннан кейін кәсіпорындар салынған инвестицияларды қайтарады.

"Екінші Перизат Қайрат": Қазақстандық блогерге алданған 100-ден аса адам 1 миллиард теңгесін қайтара алмай жүр
