Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ювентус” қақпашысы футбол қақпасына арнап махаббат хатын жазды

Италиялық “Ювентус” футбол клубының қақпашысы Джанлуиджи Буффон өзінің Твиттердегі парақшасында футбол қақпасына арнап жазған өзінің махаббат хатын жария етті.

Buffon-(2)

Сурет reactor.inform.kz

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

“Мен 12 жасымда сізге бұрылып қарап, болашағыңызды қауіпсіз еткім келді. Мен бұл шешімді жүрегіммен қабылдадым. Мен сізді қорғау үшін барымды салуым керек екенін түсіндім. Мен сіздің алғашқы және соңғы қорғаныс шебіңіз болуға бекіндім. Мен сізден теріс айналып, жүзіңізді қайта көрмеу үшін қолымнан келетіннің бәрін істеймін деп уәде бердім. Мен теріс айналып сізге қараған сәтте, сізді ренжітіп алғанымды байқап, өзімді кінәлі сезіндім”, – деп жазады Буффон.

“Біз сәйкесінше бір-бірімізге қарама-қарсы болсақ та, бір-бірімізді ай мен күн секілді толықтырып отырдық. Мен 25 жыл бұрын сізді толықтай қорғауға уәде еттім. Мен бұл істі қолымнан келгенше жалғастыра беремін”, – деп атап өтті қақпашы.

Буффон “Ювентусқа” 2001 жылы италиялық “Парма” клубынан ауысып келді. Оның сол сәттегі трансферлік құны 50 миллион евроға жетіп, тарихтағы ең қымбат қақпашы атанған. “Ювентус” 20 наурыз күні “Ториноны” Италия чемпионатының 30-шы туры аясында 4:1 есебімен жеңіп, Буффон қақпасын құрғақ қорғау көрсеткішін 973 минутқа жеткізді.

Талқылау