Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Юлия Путинцева Монреальдегі WTA-1000 турнирінің алғашқы айналымында жеңіліп қалды

Фото: instagram.com/yulia_putintseva

Канадада өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирде Қазақстанның теннисшісі Юлия Путинцева жарысты алғашқы айналымда аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол қытайлық Ханью Гуоға 3:6, 3:6 есебімен есе жіберді.

Кездесу 1 сағат 27 минутқа созылды. Бұған дейін бұл екі спортшы кортта жолықпаған еді. Путинцева қарсыласына лайықты қарсылық көрсетуге тырысқанымен, Гуо матчты толық бақылауда ұстап, келесі кезеңге өтті.

Екінші айналымда қытайлық теннисшінің қарсыласы поляк спортшысы Ига Швёнтек болады.

Айта кетейік, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко 27 шілде мен 7 тамыз аралығында өтетін Канада турнирінен бас тартқан болатын. Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жарысқа қатысу үшін тіркелген.

Сондай-ақ 27 шілдеде Лейла Фернандес Вашингтонда өткен WTA-500 турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда жеңіске жеткен спортшы Солтүстік Америка өңіріндегі мықты теннисшілердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 29 Шілде, 2025 12:27
Талқылау
`