Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Юаньнің құнсыздануы Қазақстанға қалай әсер етеді

Ұлттық банк юаньді тағы да құнсыздындырды. Кешкілік саудада қытай валютасының долларға шаққандағы құны рекорттық көрсеткішке дейін құлдырады, деп хабарлады КТК арнасы.

uan_2016

Қытай елі елден капиталдың алып кетуін осылайша шектемек.

Бір тәулік ішінде ҚХР-ның ұлттық валютасының құны бір долларға шаққанда 7 юань болды. Соңғы екі ай ішінде юань ең төмен көрсеткіште осылай құнсызданды. Ал, Қытайдан соңғы жыл ішінде 725 млрд доллар әкетілген. Қазақстандық экономистер юаньнің құнсыздануы еліміздің экономикасына қалай әсер ететінін болжады.

«Юаньнің құнсыздануы Қазақстанда айтарлықтай өзгеріс әкелмейді. Қазір теңгеге рубль мен мұнай бағасы әсер етіп тұр. Өйткені, Қазақстандағы маңызды тауар бұл – мұнай. Ал, импорттаушы ел – Ресей. Қытай импорты да біз үшін маңызды, алайда ол Ресеймен салыстырғанда еш әсер етпейді», – дейді ҚР тұңғыш президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика мен саясат институтының экономикалық зерттеу бөлімінің сарапшысы Айдос Тайбекұлы.

Тағы да оқыңыз:

Жолаушы Qazaq Air әуекомпаниясының жауапкершіліктен жұрдай екенін айтты

Қарағандыда мерекелік шеруден кейін соғыс ардагерлерінің суреттерін қоқыс жанына лақтырып кеткен

Руслан Күлекбаевтың қолынан қайтыс болған полицейдің балалары ескерусіз қалды

Талқылау