Ыстық шайдың тағы бір пайдасы анықталды
Америкалық ғалымдар күн сайын ыстық шай ішудің денсаулыққа пайдалы екенін анықтады.
Мамандардың айтуынша, ыстық шай ішкен адамдардың өзге сусын ішкен адамдармен салыстырғанда көз ауруына (глаукома) шалдығу көрсеткіші 74 пайызға төмен.
Кофе мен суық шай ішу, алкогольсіз суын ішудің көз ауруына қатысы жоқ. Мамандар әсіресе, ыстық шайдың көз жанарының көрмей қалуын алдын алады деген пікірде.
2017 жылы жүргізілген сауалнама нәтижесінде 1678 адам толық тексеруден өтті. Олардың бәрі көз ауруымен ауыратын науқастар. Қатысушылардан құрамында кофейні бар сусындарды қанша мөлшерде ішкені туралы сұрақ қойылды.
Глаукома дерті көздің ішкі қысымына байланысты. Адамның жүйке жүйесіне қатысты. Бұл зағиптықтың алғашқы белгілері. Әлемде 57,5 млн адамда кездеседі. 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 65,5 млн-ға жетуі мүмкін.
Тағы оқыңыз:
«Ангар маньягы» атанған қанішер 84 адамды өлтірген