Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұстаздың зары болып тұр ғой": Желіде күйеуінен мәһрге принтер сұраған мұғалім көпті күлдірді

Мұғалім күйеуінен мәһрге принтер сұрадыФото: Видеодан скриншот

Желіде күйеуінен мәһрге принтер сұраған мұғалім көпшілікті күлдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жас жұбайлар мешіттегі неке қию рәсімін Аруна есімді қолданушы парақшасында жариялады. Имам келіншектен мәһрге не қалайтынын сұрағанда, ол жұбайынан түрлі түсті принтер алып беруін өтінді.

“Алтын күте тұрсын, принтер маңыздырақ”, – деп жазба қалдырды автор.

Келіншектің бұл өтініші жұртты тәнті етті.

“Жаным-ау”, “Байғұс мұғалімдер түстерінде А4 пен принтер көреді”, “Дұрыс жасапты, өте керек зат қой”, “Өз болашағын ойлап отыр ғой! Алтыннан не пайда, ал принтер жұмысқа немесе кәсіпке керек! Ақылды әйел! “, “Мен ғана емес екенмін принтер сұраған, көріп куанып кеттім”, “Принтер сұрағанын бірінші рет көріп тұрмын, сүйкімді екенсіз”, “Ұстаздың зары болып тұр ғой”, – деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін желіде жас айырмашылығы 30 жас қазақстандық отбасы қызу талқыға түскені хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Бейсенбі, 18 Желтоқсан, 2025 14:23