Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ыстанбұлдағы терактіні жасаған Қырғызстан азаматы болып шықты

Ыстанбұлдың түнгі клубында лаңкестік әрекет жасаған күдіктінің кім екені белгілі болды. Болжам бойынша шабуыл жасаған Қырғызстан азаматы Яхья Машрапов (Iakhe Mashrapov) болып шықты.

20170103172635

TRT World түркі мемлекеттік телеарнасы күдіктінің атындағы төлқұжаттағы бейнені көрсетті. Құжат 2016 жылғы 21 қазанда Қырғызстан тіркеу қызметімен берілген. Әзірге бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ. Күш құрылымдары бостандықта жүрген күдіктіні іздестіріп жатыр.

Айта кетейік жаңа жыл күні Ыстамбұлдағы Reina клубында Санта-клаус костюмін кигендер атыс жасап, 39 адам қаза болды. 69 адам жарақаттанды. Бұл терактіні ДАИШ ұйымы өз мойнына алды. Шабуыл жасаған Өзбекстан не Қырғызстан азаматы болуы мүмкін деп күдіктелуде. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл іс бойынша 8 адам ұсталды.

Талқылау