Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ Ыстанбұлдағы терактіге байланысты қазақстандықтардың ұсталғанын хабарлады

Қазақстан Республикасының СІМ түркиялық БАҚ таратқан ақпаратты тексеру үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1314100

 

Түркияның бұқаралық ақпарат құралдары Ыстанбұлдағы түнгі клубта болған терактіге байланысты ұсталғандардың арасында қазақстандықтар бар деген ақпарат таратқан еді.

«Қазір бұл ақпаратты тексеру үстіндеміз. Кейінірек қосымша хабарлаймыз»,-деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Dogan агенттігінің мәліметінше, Түркияның құқық қорғау органдары Ыстанбұлда болған терактіге қатысы бар деген күдікпен 40 адамды ұстады. Сондай-ақ ұсталғандардың арасында 20 бала,9 ұл және 11 қыз бар. Олардың дені Дағыстан азаматтары екені айтылды. Тұтқындалғандардың арасында Қырғызстан мен Қазақстанның (алдын ала болжам бойынша, Түркістаннан) да азаматтары бар.

Айта кетейік, Reina клубында Санта-клаус костюмін кигендер атыс жасап, 39 адам қаза болды. 69 адам жарақаттанды. Бұл терактіні ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) ұйымы өз мойнына алды.

Жіберіп алмаңыз:

Мәскеулік қыз Батырхан Шүкеновтың әнін естігеннен қазақ тіліне ғашық болған

Шенеуніктер Шахандағы апатқа қатысты тұрғындардың өзін кінәлі етіп шығарды

Павлодарда ұры дүкен сатушысын оңдырмай сабап кетті (видео)

Талқылау