Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ыстамбұлдағы Израиль консулдығы маңында теракт болды (видео)

израиль консулдығында теракт болды (1)Фото: slova.by

Ыстамбұлда Израиль консулдығы маңында атыс болып, үш қарулы адам полициямен қақтығыс кезінде залалсыздандырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nexta_live басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға салдарынан екі полицей жарақат алып, құқық қорғау органдары шұғыл түрде тергеу бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, үш адам полициямен атысқа түсіп, кейін оққа ұшқан. Оқиға орнына көптеген полиция жасақтары мен жедел жәрдем бригадалары жіберілді.

Түркияның әділет министрі Акын Гюрлек бұл оқиға бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді. Тергеуге Ыстамбұл прокурорының орынбасары мен тағы екі қызметкер тартылған.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, шабуыл кезінде консулдық ғимаратында израильдік дипломаттар болмаған. Кей деректерге сәйкес, бұл консулдық соңғы екі жыл бойы жабық тұрған және ішінде қызметкерлер болмаған болуы мүмкін. Сонымен қатар аталған аймақта әдетте қарулы полиция қызметкерлері тұрақты түрде күзет жүргізеді.

Израиль консулдығы Yapi Kredi Plaza бизнес-орталығында орналасқан. Бұл нысан бұған дейін де шабуылдарға ұшыраған. 2024 жылы Газа секторы аумағындағы Әл-Ахли ауруханасына жасалған шабуылға қарсы наразылық кезінде демонстранттар консулдық маңына жиналған еді.

Сол кезде наразылар жақын маңдағы McDonald's мейрамханасына шабуыл жасап, консулдық ғимаратына жұмыртқа лақтырған. Сонымен қатар олар қоршаулардан өтіп кіруге әрекеттенгенімен, полиция көзден жас ағызатын газ қолданып, оларды таратып жіберген.

Ақтөбедегі теракт үшін сотталған 3 адам түрмеде қаза тапты

Ақтөбедегі теракт үшін сотталған 3 адам түрмеде қаза тапты

Оқыңыз

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Global Terrorism Index 2026 бойынша терроризм деңгейі ең төмен елдердің қатарына енді. Ел 0.000 көрсеткішін алып, қауіптің жоққа жақын екенін көрсетті. Сарапшылар мұны тиімді қауіпсіздік жүйесі, халықаралық ынтымақтастық және радикалданудың алдын алу шараларымен байланыстырады.

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 07 Сәуір, 2026 17:20