Ақтөбедегі теракт үшін сотталған 3 адам түрмеде қаза тапты

Ақтөбеде он жыл бұрын болған террористік шабуыл үшін сотталған үш адам түрмеде қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2016 жылы дәстүрлі емес діни ағымның жақтаушылары Ақтөбеде екі қару-жарақ дүкеніне, әскери бөлімге және полиция бекетіне шабуыл жасаған еді. Салдарынан жиырма бес адам қаза тапты. Зардап шеккендердің арасында төрт бейбіт тұрғын және үш әскери қызметкер болды, қалғандары – арнайы операция кезінде қаза тапқан террористер. Отыз сегіз адам жарақат алды.
Жеті адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Тағы екеуі 20 және 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандардың үшеуі түрмеде қайтыс болды. Соның ішінде Асхат Иманғалиевтің өлімі 2020 жылдың басында хабарланған еді. Ол өз камерасында өзіне-өзі қол жұмсаған болуы мүмкін.
“Олардың жақын туыстарына жазаларын өтеп жатқан жері туралы тиісті түрде хабарланады. "Жеке деректер және оларды қорғау туралы" заңының 15-бабына сәйкес, сотталғандардың жеке істеріндегі ақпарат жария етілмейді. Сотталған Айдос Жұбанов, Асхат Иманғалиев және Асхат Рахметов қайтыс болғанын хабарлаймыз”, – деп мәлімдеді ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.
Еске сала кетсек, Ақтөбеде белгісіз адамдар тобы 5 маусымда қаладағы екі қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, нәтижесінде бейбіт қала тұрғындары мен әскери қызметкерлер оққа ұшты.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды