Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі терактіге қатысқан лаңкестің өлі денесі табылды

Ақтөбеде әскери бөлімге шабуыл жасаған лаңкес өзіне қол салды. Өмір бойына сотталған 34 жастағы Асхат Иманғалиев түрмеде асылып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.

лаңкес

Ол осыдан  төрт жыл бұрын жат ағымның жетегінде кеткен жігіттермен 6655 әскери бөлімі мен қару-жарақ сататын дүкенге шабуыл жасаған. Сол кезде жеті бейбіт тұрғын қаза тауып, қырыққа жуық адам жарақат алды.

Алты күнге созылған арнайы операция барысында оқиғаға қатысы бар делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған. Ақтөбедегі қарулы шабуылға қатысқан 29 адамның жетеуі сот үкімімен өмір бойына түрмеге қамалған болатын. Өзге айыпталушылар екі жылдан 22 жылға сотталып, "қылмысты жасырып қалған" бір адамның төрт жылға бостандығы шектелді.

Өмір бойы түрмеге қамалған жеті лаңкестің бірі былтыр туберкулез дертінен қаза тапса, екіншісі – Асхат Иманғалиев Арқалықтағы түрмеде өзіне қол салды. Ол тірі кезінде берген сұхбатында азғырушыларының «тірідей қолға түскенше, өлген артық» деп үгіттегенін айтқан болатын.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Наразылық білдірген ШҚО тұрғындары ауруханадан кереуеттер мен төсек-орындарды шығарып тастаған

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары аймақта коронавирус жұқтырған қытайлық жұмысшылар жүр деп шу шығарып, желіде бұл ақпарат қызу талқыға түскен.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз

Түркістан облысында қару алып қашқан сарбаз ұсталды

Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды

Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Бұл препараттың десек те жағымсыз ықпалы да анықталған

"Пайдалы өнім шығармыз келді": Қазақстанда алтыншы сынып оқушылары өз кәсіптерін ашты

Олардың еңбекқұмарлығы танымал кәсіпкерді қайран қалдырған

Алматы облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан

Бұған қоса полиция қызметкерлері кейбір қылмыстарға көзжұма қарағаны анықталыпты

Қазақстанның бас прокуратурасы халыққа үндеу жариялады

Бас прокурордың орынбасары халықты араңдатушылыққа салынбауға шақырды

Той - қуаныш сыйлайтын мереке: Мәдениеттанушы той жасау үшін несие алатындардың сөзін сөйледі

Сөзінше, қалың жұртшылыққа асыр салып, той тойлайтындарды жазғырмау керек
Çàãðóçêà...