Ыстамбұлда кісі қолынан қаза тапқан қазақстандыққа қатысты жаңа деректер жарияланды

Фото: newtimes.kz
Ыстамбұлда кісі қолынан қаза тапқан қазақстандыққа қатысты жаңа деректер жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Newtimes.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Марқұм 36 жастағы Қазақстаннан азаматы болып шықты. Марқұмның туысы бұған дейін тараған, ер адам курьер болып жұмыс істеген деген ақпаратты жоққа шығарды.
Жақындарының айтуынша, марқұм Ариф Исмаилов кәсіпкер болған. Ол 15 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан мен Түркия арасындағы жүк тасымалымен айналысатын көлік-логистикалық компанияны басқарған. Ыстамбұлға ол бірнеше күнге жұмыс бабымен барған.
"Ол Қазақстан азаматы, осы жерде туып-өсіпті. Ол Түркия мен Қазақстан арасындағы жүк тасымалымен айналысатын ірі көлік-логистика компаниясына 15 жыл басшылық жасаған. Сол жақта өзінің қоймалары мен қызметкерлері бар. Ол жұмыспен 3–4 күнге барған. Оны курьер деп атауы қателік емес. Бұл дау-дамай тудырмау үшін әдейі осылай жазып отыр. Кәсіпкерді өлтіру басқа, ал курьерді өлтіру мүлде басқа", – дейді марқұмның туысы.
Әлеуметтік желілерде және БАҚ-та шабуыл қарызға байланысты болуы мүмкін деген нұсқа тараған еді. Алайда отбасы мұны жоққа шығарып, Исмайловтың кәсібі заңды болғанын алға тартады. Туыстарының айтуынша, қылмысқа үш адамның қатысы бар, болжам бойынша олар Грузия азаматтары. Қылмыскерлер Түркия мен Болгария шекарасында ұсталған.
Оңтүстік Кореяда қазақстандық жұмысшы зауытта өрт шыққаннан кейін із-түссіз жоғалып кеткен – БАҚ
ОқыңызОтбасы қазақстандық дипломаттар мен құқық қорғау органдарына көмектескендері үшін алғыс айтты.
Марқұvның денесі Қазақстанға жеткізілген. Жерлеу рәсімі 1 сәуірде өткен.
Еске салсақ, Ыстамбұл қаласында жеке логистикалық компанияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматы Ариф Исмаилов қаза тапты.
Оқиға Ыстамбұл қаласының Фатих ауданында болған. Белгісіз адам ер адамға жақындап, басынан атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Алған жарақатынан Исмаилов сол жерде көз жұмды. Қылмыс қарама-қарсы ғимараттардың бірінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Кейін Ариф Исмаиловты өлтірді деген күдікпен Грузияның екі азаматы ұсталғанын хабарланды. Олар шекарадан қашпақ болған кезде қолға түскен.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған