Ыстамбұлда кеменің ғимаратқа соғылған сәтінің видеосы пайда болды (видео)
Түркияның Ыстамбұл қаласындағы Анадолухисар тарихи ауданында құрғақ жүк таситын кеме көне ғимаратқа соғылды.
Бұл туралы РИА Новости басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Мальтада тіркелген Vitaspirit кемесі Ресейден Сауд-Арабиясына бағыт алған. Алайда кеме жағалаудағы Сұлтан Мехмед Фатих көпірінің жанындағы ғимаратқа соғылып қалды.
Кеменің басқарылуында қиындықтар туындағандықтан, оны басқа бағытқа бұрып жіберу мүмкін болмапты. Артынша анықталғандай, кеменің ғимаратқа соғылуының себебі қозғалтқыштың істен шығуы болған.
Оқиға орнына жағалау күзеті қойылды.
Сонымен қатар порттың уақытша жабылғаны хабарланды.
Оқи отырыңыз:
Жүкті болып қалған келіншек жұмысындағы кесте бойынша бала көтермегені үшін “өзімшіл” деп айыпталды
Түркіменстанда әйелдерге кірпік жалғатуға, тырнақты өсіргуе және бояуға тыйым салынды
Талқылау