Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұшақты біз атып түсірдік": Ресейлік саясаттанушы Баку мен Мәскеу арасындағы кикілжіңнің себебін айтты

сергей марков, ақтаудағы ұшақ апаты

Фото: business-gazeta.ru/ТЖМ

Ресейлік саясаттанушы, мемлекеттік думаның бұрынғы депутаты Сергей Марков Ақтау маңында апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағын Ресей атып түсіргенін мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  "Царьград ТВ" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Саясаттанушы Ақтаудағы ұшақ апатына Ресей кінәлі екенін мойындады.

"Біз бұл ұшақты атып түсірдік, бұл анық. Ұшақты біздің атып түсіргеніміз анық. Ал Әзірбайжан да Ресей билігі ұшақты атып түсіргенін анық біледі", – деді Марков.

Ол 2020 жылы Таулы Қарабақтағы қақтығыс кезінде Әзірбайжанның Армениямен шекарада Ресей әскери тікұшағын абайсызда атып түсіргенін еске алды. Баку сол күні жауапкершілікті өз мойнына алып, ресми түрде кешірім сұрап, өтемақы төлеуді ұсынды.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Баку-Грозный бағыты бойынша ұшқан AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның ішінде экипаж мүшесі бесеу. Апат салдарынан 38 жолаушы қайтыс болды, 29 адам аман қалды. 30 желтоқсанда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) бұл оқиғаны мұқият және әділ тергеуге шақырды. Кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзірбайжан билігі құтқару операциясына қатысқан азаматтарды ерлік пен кәсібилігі үшін наградтады.

Кейіннен Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтаудағы ұшақ апатына кінәлілерді жазалауды талап еткен еді. Ильхам Алиев Әзірбайжан азаматтарының қаза болуына Ресей өкілдері кінәлі екенін сеніммен айта алатынын жеткізген. 

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 31 Шілде, 2025 12:27
Талқылау
`