Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақтың ұшып-қонуы кезінде смартфондарды пауэрбанк арқылы қуаттауға ресми түрде тыйым салынды

Фото: depositphotos.com

Ұшақтың көтерілуі мен қону кезінде смартфондарды пауэрбанк арқылы қуаттауға ресми түрде тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) пауэрбанктерді тасымалдау және қолдануға қатысты жаңа ережелер енгізді. Енді пауэрбанктерді тек қол жүгімен ғана алып жүруге болады, сондай-ақ олардың ұшақта қолданылуы қатаң шектелген.


Ақтөбеде пауэрбанк жарылып, бір отбасы үйсіз қалды


Жаңа ережелер бойынша жолаушыларға пауэрбанктерді ұшақтағы электр ұяшықтарынан қуаттауға мүлде тыйым салынған. Сонымен қатар, ұшақ көтерілуге немесе қонуға дайындалып жатқан кезде кез келген гаджеттерді қосуға болмайды. Бұл талаптар литий-иондық батареялардың өрт қауіпіне байланысты енгізілген.

Әдетте ұшақ ішіне сыйымдылығы 100 Вт/сағ дейінгі құрылғыларды алып кіруге рұқсат беріледі. Егер сіздің аккумуляторыңыз қуаты жағынан күшті болса (100–160 Вт/сағ аралығында), алдын ала әуе компаниясынан рұқсат сұрауға тура келеді.

Еске салсақ, бұған дейін әуедегі ұшақта пауэрбанк өртеніп, жолаушылар зардап шеккені туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 11 Наурыз, 2026 21:50