"Жақындарынан ешкім болмаған": Ұшақ апатында опат болған 13 жастағы жасөспірім Грозныйға жаңа жылды атап өтуге бара жатқан
Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде 13 жастар әзірбайжандық Мухаммедали Фаридоглы Еганов ажал құшты. Жасөспірім Грозныйға жаңа жыл мерекесін атап өтуге бара жатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Media.az порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Oxu.az
Жеткіншектің қазасы туралы әлеуметтік желіде оның сыныптастары жазды. Баку қаласының Хатай ауданында тұратын Мухаммедали №27 мектепте оқыған.
Белгілі болғандай, жасөспірімнің анасының ұлты – шешен, әкесі Әзірбайжандағы ірі кәсіпкер – Фарид Еганов. Ұшақ құлағанда оның жанында жақындарынан ешкім болмаған. Ол Грозный қаласына жаңа жылды қарсы алуға бара жатқан. Мухаммедалиді ұшаққа әкесі шығарып салған.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағы Ақтау қаласындағы әуежай маңында апатқа ұшыраған еді. Бортта 67 адам болған. Оның 38-і қаза тауып, 29 адам Маңғыстау облыстық ауруханасында ем абылдап жатыр. Апаттың алдын ала себебі оның құстарға соғылуынан екені айтылды.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты