"Ұрлық жасағанымыз үшін ауылдан қуылдық": Есқара Бейбіт балалық шағынан сыр шертті
Танымал блогер Есқара Бейбіт балалық шағынан сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Желі жұлдызы “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына сұхбат берді.
“Ата-анам мен төрт бауырым Шиеліден тұрдық. Мен үйдің үлкені болғасын жоқшылықты көп көрдім. Кеңес заманын көрмесек те, сол одақтың ыдырағанынан кейінгі тауқыметті өткердік. Анам мектепте еден жуады. Мен табысты бола бастағанда “Жұмыстан шығып, үйде отырыңыз. Мен асыраймын” дедім. Бірақ анам мектептегі әріптестерін қимайды. Өзіне ұнағасын әлі істеп жүр”, – деді блогер.
-
2 жылда еліміздің әуежайларында жолаушылардың чемоданы 20 рет тоналған
-
70 мың теңгенің шоколадын ұрлаған қазақстандық сот залында босатылды
Блогердің сөзінше, ауыл тұрғындарына ұнамағасын көрші ауылға қоныс аударуға мәжбүр болған.
“Бұл туралы ешжерде айтпағанмын. Ауылдағы дүкенге ұрлыққа түсіп, мың жылдық қорлыққа тап болдық. Әкем екеуміз тамақ ұрлап, сатқымыз келген. Содан кейін ауыл адамдары бізді көрсе қолдарын шошайтып көрсететінді шығарды. Бір зат жоғалса да “Осылар алды” деп біздің үйге келетін. Анам соны көріп жылайтын. Сол әрекетті өмірімізде бір-ақ рет жасадық. Мың рет азабын тарттық. Жоқшылық өмір қиын еді”, – деді әзілкеш.
Айта кетейік, Әзілкеш Есқара әнші Заттыбекті қатты ренжітіп алғанын айтқан еді.