Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұрып, қылқындырып, телефонды тартып алды": Қазақстандық Астананың полиция қызметкерлерінен зәбір көргенін айтып арызданды

Қазақстандық Астананың полиция қызметкерлерінен зәбір көргенін айтып арызданды

Фото: ЖИ

Астана тұрғыны Тахир Саматов қаланың полиция қызметкерлерінен зәбір көргенін айтып жазба жариялады. Айтуынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері өзін таныстырмастан, өзін тірек пунктіне күштеп әкетіп, соққыға жыққан. Stan.kz редакциясы оқиғаның мән-жайын білу үшін елорда полиция департаментіне сұрау жіберді. 

Жәбірленушінің айтуынша, оқиға 27 қазан күні болған. Көшеде кетіп бара жатып оны полиция қызметкерінің формасын киген ер адам тоқтатқан. Алайда өзін таныстырып, қызметтік куәлігін көрсетуден бас тартқан. 

“Ол менің жасымды сұрады. Сұрағына жауап алған соң әскери комиссариат бойынша тексеру үшін өзімен бірге тірек пунктіне баруым керегін айтты. Мен заңды негізсіз оның талабын орындауға міндетті емес екенімді айттым. Сөйтіп жөніме кетіп бара жатыр едім, ол менің қолымнан ұстап, тірек пунктіне күштеп кіргізді. Оның ішінде тағы екі полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның екі әскери қызметкері болды. Кейін 102-ге хабарласып, олардың заңсыз әрекеттері туралы айтатынымды жеткіздім. Мұны естіп олары қолымнан ұрып, телефонды тартып алды. Кейін орындыққа жатқызып ішімнен ұрып, мойнымнан қылқындырды”, – деп жәбірленуші e-Otinish-ке арыз жазған. 

Қазақстандық Астананың полиция қызметкерлерінен зәбір көргенін айтып арызданды

Фото: threads.com/@samatovtahir

Сөзіне сенсек, полиция қызметкерлері азаматтан ешқайда шағымданбауын талап етіп, ЖСН бойынша жеке басын тексеріп, ештеңе таппаған соң жібере салған. Телефонды да қайтарып берген. 

Осы жағдайға байланысты Астана қаласы полиция депратаменті редакцияның ресми сұрауына жауап берді. Ведомство болған жағдайды тексеріп, зерттеу жүргізген. Алайда құқық қорғау органдарының тарапынан болды деген ақпарат расталмады.

27 қазанда әлеуметтік желілерде азамат Саматов Тахир Рашидовичтің полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері туралы жазбасы жарияланған. Аталған дерек бойынша дереу қызметтік тексеру тағайындалып, оның аясында баяндалған мәліметтер бойынша жан-жақты және объективті зерттеу жүргізілді. Тексеру барысында полиция қызметкерлерінің азаматпен сөйлескен сәттері тасымалды кеуде бейнетіркегішке толықтай жазылғаны анықталды. Бейнежазбаны талдау барысында күш қолдану немесе дене жарақатын салу фактілері расталмады”, – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 12 Қараша, 2025 16:02
Талқылау