Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰОК басшысы Геннадий Головкин президент Тоқаевтың қабылдауында болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰОК басшысы Геннадий Головкинмен кездесті. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ҰОК

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкинмен кездесті. Мемлекет басшысына Қазақстан ҰОК-ның жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат берілді.

Геннадий Головкин спорт инфрақұрылымын жақсарту, қазақстандық спортшыларды жан-жақты дайындау және еліміздің халықаралық деңгейдегі беделін арттыру бойынша салалық министрлікпен бірге қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиадалық спорт түрлерін дамыту мен нығайту бойынша ҰОК-не үлкен міндеттер жүктелгенін атап өтті. Президенттің айтуынша, ұлттық құрамалардың әлемдік жарыстардағы нәтижелерін одан әрі жақсарту қажет.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді Халықаралық бокс федерациясының (World Boxing) Олимпиадалық комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындалуымен құттықтады.

Даурен Түлкібай
Дүйсенбі, 09 Желтоқсан, 2024 16:37