"Ұмыта алмаймын": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын есіне алды
Танымал журналист, медиа маманы Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасына қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналист оқырмандар тарапынан келген сұрақтарға жауап беріп, жеке парақшасында сырласты.
“Қайрекеңізді сағындыңыз ба? Мен сағындым, 8 жылдан асты...", – деп сұрақ жолдаған оқырманына ерекше тоқталды.
“Сағындыңыз ба? Бір сәт ұмытқан емеспін, ұмыта алмаймын және оған деген сағыныш ешуақытта басылмайтынын білемін. Таң атады, кеш батады. Өмір жалғаса береді. Тек Құдайдан ғана жаныма тыныштық сұраймын. Ренжімеңіз, сізді жұбатайын десем, өтірік айтқандай боламын...", – деп жауап жазды журналист.
Еске салсақ, Ләйлә Сұлтанқызының жолдасы Қайрат Беркінбаев қоғамдық денсаулық сақтау қайраткері, "Оқ-жетпес" емдеу сауықтыру кешенінің президенті болған. Олардың Сағадат және Сардар есімді қос ұлы бар.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті