Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық ұланның бес әскери қызметкері 448 миллион теңгеге жанармай сатып сотталды

Ақмола гарнизоны әскери сотында Ұлттық ұланның бес әскери қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Төрт әскери қызметкер 2019-2022 жылдар аралығында өздерінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып әскери бөлімнің жанар-жағармай материалдарын жымқырып, 448 миллион теңгеден астам залал келтірген. Жанармайды жеке тұлғаларға сатқан. 

Бесінші сотталушы қызметіне салғырт қараған – әскери бөлімнің бүкіл ЖЖМ қызметінің жұмысын бақылаусыз қалдырған. Мұның салдары мемлекетке материалдық залал келтірді. 

Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Сот үкімімен төрт сотталушы аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырғаны үшін қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес (Ұрлық) кінәлі деп танылды. Олар 9 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бесіншісі қылмыстық кодекстің 453-бабы 2-бөлігі бойынша (Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке немқұрайлы қарау) кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға сотталды.

Талқылау