Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық қордан 840 миллион теңге жымқырған кәсіпкер сотталды

7 жылға сотталдыФото: freepik.com

Солтүстік Қазақстан облысында ЖШС директоры жылыжай кешенін салуға бөлінген 840 миллион теңгені жымқырғаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Апелляциялық алқа бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Солтүстік Қазақстан соттарының мәліметінше, сотталушы 2021 жылы бюджет қаражатын алдау жолымен иемдену мақсатында "Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы “Солтүстік” АҚ-мен жапырақты көкөністер өсіруге арналған жылыжай кешенін қаржыландыру туралы келісім жасасқан.

“Ол өз міндеттемелерін орындауды көздемей, АҚ-тан жабдық сатып алу үшін 840 миллион теңге алған. Алайда бұл қаржыны жеке мақсаттарына жұмсаған”, – деп көрсетілген сот үкімінде.


Астанадағы "Көк-Төбе" тұрғын үй кешенінен 650 млн теңге жымқырған компания басшысы 7 жылға сотталды


"Шетелге оқуға түсіруге уәде берген": Алматыда тіл мектебінің иесі 160 миллион теңгеге алаяқтық жасады деген айыппен сотталды


2025 жылы 20 тамызда Петропавл қалалық соты ер адамды Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Алаяқтық) бойынша кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, ол 7 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық және материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы сотталушы мен оның қорғаушыларының апелляциялық шағымдарын қарап шықты.

Нәтижесінде, облыстық сот алқасының қаулысымен Петропавл қалалық сотының үкімі өзгеріссіз қалдырылып, апелляциялық шағымдар қанағаттандырылмады.

“Бірінші сатыдағы сот үкім шығару кезінде материалдық және іс жүргізу нормаларын бұзбаған. Тағайындалған жаза Қылмыстық кодекстің санкциясына сай, азаматтық талап дұрыс шешілген. Сондықтан үкімді өзгертуге немесе күшін жоюға негіз жоқ”, – деп түсіндірді сот.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда құрылыс компаниясының басшысы сотталғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 29 Қазан, 2025 12:08
Талқылау