Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін орган: Ұлттық қауіпсіздік комитеті жаңа өкілеттіктерге ие болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттіктер берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы ҰҚК туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жарлыққа қол қойды. Құжат ведомствоның ақпараттық қауіпсіздік пен аса маңызды инфрақұрылымды бақылау салаларындағы өкілеттіктерін кеңейтеді.
Жарлыққа сәйкес, ҰҚК туралы ереженің 1-тармағының жаңа редакциясы бекітілді. Енді комитет Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін, ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын арнайы мемлекеттік орган ретінде айқындалды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті барлау, қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады, Мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз етеді, үкіметтік байланыс пен шифрлау жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғауға жауап береді.
Сонымен қатар комитет елдегі мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган екені жеке атап көрсетілген.
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Ақпараттандыру саласындағы жаңа функциялар
Құжатқа сәйкес, ҰҚК ақпараттандыру саласында мемлекеттік бақылау жүргізу өкілеттігіне де ие болды. Бұл ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды нысандарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты.
Сондай-ақ ҰҚК-ге:
-
ақпараттық қауіпсіздік талаптары бұзылған жағдайда нұсқамалар беру;
-
орындалуы міндетті нұсқамалар жолдау;
-
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды пайдалану салаларында берілген рұқсаттар бойынша тексерулер жүргізу құқығы берілді.
Тексерулер біліктілік және рұқсат талаптарына сәйкестігін анықтау үшін, сондай-ақ Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тәртіппен жүргізіледі.
Президенттің жарлығы 9 ақпанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
Айта кетейік, бұған дейін шекара қызметіндегі иттердің құрғақ азығына бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінгені, алайда ҰҚК оны жоққа шығарып отырғаны хабарланған еді.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды