Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыдағы академия курсантының қаза тапқаны туралы фактіні растады
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы курсантының қаза тапқанын растап, оның 3-курс курсанты екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Комитеттің дерегінше, жас жігіт 2024 жылдың 22 қыркүйегінде кезекті демалыста болған.
"Алматы қаласының көпқабатты тұрғын үйінің ауласынан кезекті демалысқа босатылған 3-курста оқитын курсанттың денесі табылды. Өлімінің себебі – биіктен құлау. Полиция органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қайғылы оқиға түрткі мән-жайлар анықталып жатыр", – делінген комитет хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің жоғарғы қабаттағы пәтер терезесінен ҰҚК Шекара академиясының курсанты құлағанын жаздық. Қайғылы оқиға 22 қыркүйекке қараған түні Достық даңғылында болды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан