Ұлттық экономика министрлігі бизнесті қолдау туралы ақпаратты төмендетіп көрсеткен – Жоғары аудиторлық палата

Қазақстанда кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау көлемі жөніндегі деректер кемінде екі есе төмендетіліп көрсетілген. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, осы саладағы саясатты қалыптастыруға жауапты Ұлттық экономика министрлігі бизнесті қолдау туралы ақпаратты төмендетіп көрсетіп отыр. 2019–2024 жылдар аралығында мемлекет кәсіпкерлерге 4,5 трлн теңге көлемінде қолдау көрсеткен.
"2024 жылғы қыркүйекте президент барлық мемлекеттік қолдау шараларына тексеру жүргізуді тапсырды. Ұлттық экономика министрлігі бірыңғай тізім қалыптастырып, тиімділікті бағалау әдістемелерін әзірледі. Бір қарағанда, “мұз қозғалғандай” болды. Алайда аудит бұл тек жартылай шаралар екенін көрсетті. Тізім сапасыз жасалған. Ол Кәсіпкерлік кодексте көзделген барлық қолдау шараларын қамтымайды. Сонымен қатар оның ішінде өзектілігін жоғалтқан шаралар да бар", – деді Смайылов мәжіліс отырысында.
Сондай-ақ ол елде көрсетілетін қолдау шараларының тиімділігін бағалау әдістемесі бойынша нақты түсінік жоқ екенін атап өтті. Тиімділікті бағалау кезінде басымдық цифрлық көрсеткіштерге ауыстырылып, жұмыс орындарының саны мен төленген салықтармен ғана шектелген. Ал өндіріс көлемінің өсуі, қосылған құн, бизнестің қаржылық тұрақтылығы сияқты экономикаға нақты әсерлер қадағаланбайды.
- Жоғары аудиторлық палата тексерісінен кейін ауыл шаруашылығы саласының 28 қызметкері жазаға тартылды
- Республикалық бюджеттен 862 миллиард теңгеге бұзушылықтар анықталды – Жоғары аудиторлық палатасы
Бұдан бөлек, барлық операторлар мен мемлекеттік органдар деректер енгізуге тиіс "Бақылауда" ақпараттық сервисі заңнамалық түрде бекітілмеген. Алайда енгізілетін мәліметтердің дұрыстығы мен сапасына ешкім жауап бермейді.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты