Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банктің Қазақстан экономикасына жасаған болжамы көңіл көншітпейді

Ұлттық банк ақша-несие саясаты бойынша кезекті мәрте баяндама жасады. Онда Қазақстанның экономикалық өсімі мен инфляция деңгейіне қатысты болжамдары қайта қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Рixabay.com

Ұлттық банктің баяндамасында 2024 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі сегіз-тоғыз пайыз деңгейінде бағаланды (осыдан үш ай бұрын болжам мұндай анық болмады 7,5–9,5%). 2025 жылы сарапшылар инфляция 6,5-8,5% аралығында болады деп болжам жасады. Ал Қазақстан тек 2027 жылға қарай бес пайыздық инфляцияға қол жеткізе алады.

Биылғыдай, 2025 жылы инфляция коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуіне байланысты болуы мүмкін. 

"Инвестицияға айырбас тарифі" бағдарламасы коммуналдық қызметтер тарифтерінің қазіргі өсу қарқыны сақталған жағдайда, қызмет көрсету саласындағы инфляцияны жеделдетудің негізгі драйвері болып қала береді”, –   деп мәлімдеді Ұлттық банк.

Инфляцияның өсуіне ықпал ететін тағы бір фактор – бюджет тапшылығын жабудағы белгісіз тұстар. Үкімет салық тапшылығы жағдайында бұл бюджетті қалай жабу керегін әлі анықтай алмай жатыр. Салық заңнамасында реформалау жүріп жатқандықтан 2026 жылға арналған бюджет параметрлеріне сенім жоқ.

“Ұлттық банктің пессимистік, яғни шынайы болжамы мұнайға байланысты. Келесі жылы мұнай бағасы барреліне 70 долларға дейін төмендеуі мүмкін (2024 жылғы орташа баға деңгейі барреліне 80,3 долларға бағаланады). Пессимистік сценарий бойынша, мұнай тіпті 50 долларға дейін төмендеуі ғажап емес. Сонымен қатар реттеуші астық бағасы 2025 жылы да көтеріледі деген болжам жасады”, – делінген баяндамада.

Сондай-ақ Ұлттық банк елдің жалпы ішкі өнімі 2024 жылы 4-4,5%, 2025 жылы 4,5-тен 5,5%-ға, 2026 жылы 4,6-дан 5,6%-ға дейін өседі деп болжап отыр. Салыстырсақ, реттеушінің биылғы тамыздағы есептеуінше, 2025–2026 жылдары өсім 4,9–5,9% болады.

Талқылау