Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банктің экс-төрағасы Ғалымжан Пірматовтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады

Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Ғалымжан Пірматовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КазТАГ басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: gov.kz

БАҚ-та тараған ақпаратта Ғалымжан Пірматовтың қаржы мониторингі агенттігі тергеп жатқан қылмыстық іске қатысы бар екені айтылған. 

"Пірматов қылмыстық іс бойынша айыпталушы болып танылды, қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", – делінген дереккөздің хабарламасында. 

Екінші бір дереккөзде Пірматовтың қылмыстық істің кейіпкері екені, алайда істің қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша тергеліп жатқаны және бұл іс бойынша ұлттық банктің экс-басшысының мәртебесі қандай екенін белгісіз екенін мәлімдеді. 


Әуезов университетінің ректоры 28,5 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды


Әзірге ақпаратқа қатысты қаржы мониторингі агенттігі де, бас прокуратура да ресми мәлімедеме жасаған жоқ. 

Айта кетейік, Ғалымжан Пірматов 2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Ұлттық банк төрағасы қызметін атқарды. Оған дейін 2017 жылдың тамызынан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған. 

Еске салсақ, бұған дейін қаржы мониторингі агенттігі Астана қалалық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы 1 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді. 

Талқылау