Ұлттық банк жоғары мөлшерлемелерге байланысты ипотека алуды кейінге қалдыруды ұсынды
Фото freepik.com
Ұлттық банк жоғары мөлшерлемелерге байланысты ипотека алуды кейінге қалдыруды ұсынды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, қазіргі жағдайда қазақстандықтарға ипотека рәсімдеуге асықпаған жөн, өйткені жоғары пайыздық мөлшерлемелер жағдайында баспана алу қазақстандықатрға өте ауыр болады.
Сүлейменов қазіргі нарық жоғары кредиттік мөлшерлемелер кезеңінде тұрғанын, сондықтан бұл уақытта тұрғын үй несиесін алу едәуір артық төлемдерге әкелуі мүмкін екенін еске салды.
"Жоғары несие мөлшерлемелері жағдайында ипотека алуға асықпау керек, себебі бұл өте қиын, сіз артық төлейсіз. Мысалы, мөлшерлеме 10–12% болған кезде бір басқа, ал 20–25% болғанда мүлдем басқа жағдай. Мен мұндай жағдайда біраз күтер едім", - деді ол.
Оның айтуынша, шешімді әрбір қарыз алушы өзі қабылдайды, бірақ ипотеканы бағаның шарықтау шегінде алу көпшілік үшін дұрыс болмайды.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк негізгі мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырғаны хабарланған еді.
Ата-анамызды асырауға міндеттіміз бе? Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді