Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк валюта интервенциясына 1 миллиард доллар жұмсады

Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов валюта интервенциясына 1 миллиард доллар жұмсалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

доллар

Фото: pixabay.com

Тимур Сүлейменовтің сөзінше, валюта интервенциясы 16 қарашада басталған. Сондай-ақ журналистер одан алдағы күндері интервенция жүргізу жоспарын біліп көрді.

"Біз қандай да бір валюта бағамына басымдық бермейміз. Сұраныс пен ұсыныс балансына қарай нарық доллар бағамын өзі анықтайды. Біз ойыншы ретінде әрекет етеміз, яғни Ұлттық қордағы трансферттің бір бөлігін сатамыз, кейде сатып аламыз. Доллар бағамы 500, 490, 510 болсын, төмен түсіруге әрекет етпейміз. Интервенцияны біз қалаған соң емес, нарықты тынышталдыру үшін жүргізуге тура келеді", – деді Сүлейменов. 

Сүлейменовтің сөзінше, доллар бағамының бірден өсіп кетуіне “бірқатар сыртқы және ішкі факторлар” себеп болған.

“Ұлттық валюта бағамы қор нарығындағы саудада бір доллар үшін 500 теңгеден асып, 519,7 теңгеге жетті. Нарық жабылған кезде 512 теңге деңгейінде болды. Бұған бірқатар факторлар себеп”, – деп атап өтті ол. 

Сонымен қатар қабылданған шаралардың арқасында доллар бағамының бірден көтеріліп кетуінің алдын алған. 

Еске салайық, 28 қарашада Ұлттық банк доллар бағамына қатысты мәлімдеме жасап, валюта интервенциясын бастағанын мәлімдеген еді. 

Талқылау