Cтати ісі: Ұлттық банк Швециядағы қор активтерін қайтарды
Ұлттық банк сот шешімімен Швецияда қамтамасыз ету шараларының ықпалында болған еліміздің Ұлттық қорының активтерін өз иелігіне қайтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: 2gis.kz
Ұлттық банктің дерегінше Стати тарабымен арадағы сот дауларын реттеу процесі сәтті аяқталды.
“Реттеу нәтижесінде Қазақстан Ұлттық Банкі Стати тараптарының Ұлттық қорының активтеріне қойған талаптарынан бас тартуына және Швецияда қамтамасыз ету шараларының ықпалында болған Ұлттық қордың активтерін өз иелігіне қайтаруға қол жеткізді.
Бұл Ұлттық қордың ұзақ мерзімді кірістілігін жақсарту үшін жағдай жасауға ықпал ететін операциялық икемділікті арттыруға және әлеуетті инвестициялық серіктестердің барынша кең ауқымын тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады”, – делінген хабарламада.
Ал түпкілікті реттеу туралы келісімнің нақты шарттары жасырын болып қалады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"