Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк қазақстандықтарды ақшаны доллармен сақтамауға шақырды

Ұлттық банк қазақстандықтарды ақшаны доллармен сақтамауға шақырдыФото: Ұлттық банк

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қазақстандықтарға долларды жинақтау мен үнемдеудің құралы ретінде қарауды тоқтатуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, экономикалық жағдай өзгергеніне қарамастан, көптеген адамдар әлі де валютаға сеніп жүр. Сөзінше, өзінің

“Менің таныстарым да 2022 жылы долларды 550 теңгеден сатып алып, әлі де ұстап отыр. Доллар туралы ойлауды тоқтату керек. Доллар – жинақ құралы емес”, –  дейді Сүлейменов.

Сонымен қатар ол Қазақстанда долларға балама және доллардан да тиімді жинақтау құралдары бар екенін айтты. Оның сөзінше, долларды теңгемен, теңге арқылы ашуға болатын депозиттермен алмастыруға болады.

“Сонымен қатар KASE, Астана Халықаралық қаржы орталығы секілді толыққанды қаржы нарықтары жұмыс істейді. Квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары, Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – сенімді жинақтау құралы, жақсы табыс табуға болады және тәуекелі төмен”, – деді ол.



Ұлттық банк басшысы “елдегі ұлттық валютаны құлдырауы мен гиперинфляция дәуірі артта қалды” деп отыр. Доллардың да дәуірі өтті дейді ол.

“Біз Қазақстанда өмір сүреміз, теңгемен табыс табамыз және теңгемен тауарды сатып аламыз. Валюта тек шетелге шығу үшін қажет. Біз өз валютамызға қаншалықты сенсек, ол соншалықты мықты болады”, – деді Сүлейменов.

Өзі де ақшасын теңгемен жинайтынын жасырмады. 

“Менде шетел валютасындағы аз ғана депозит бар, бірақ жинақтардың негізгі бөлігі – ұлттық валютада”, – деді Ұлттық банк басшысы.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов теңгенің нығайып, доллардың не себепті құлдырап жатқанын түсіндірген еді. 

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 01 Сәуір, 2026 15:06