Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк ескі үлгідегі 5 000 теңгелік банкноталарға қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Ұлттық банк 2011 жылғы үлгідегі 5 000 теңгелік банкноталардың 2023 жылғы өзгертілген дизайндағы 5 000 теңгелік банкноталармен айналымда қатар жүру кезеңі 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін ұзартылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Ұлттық банк мәліметінше, айналымда қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін, яғни 2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап барлық банк пен Қазпошта бөлімшелерінде 3 жыл ішінде, ал ұлттық банк филиалдары ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға мерзімсіз айырбастайды.

Фото: nationalbank.kz/2011 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңгелік банкнота

“Айналымда қатар жүру кезеңінде жаңа үлгідегі және ескі үлгідегі банкноталар заңды төлем құралы болып қалатынын, төлемдер мен аударымдар жасала беретінін, банк шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың атаулы құны сақталатынын және қабылдауға жататынын атап өтеміз. Ол банкноталардың барлығы ҚҰБ филиалдарында, Қазпоштада және еліміздегі екінші деңгейлі банктер мен Қазақстандағы бейрезидент банктердің филиалдарында еш шектеусіз айырбасталады және ауыстырылады”, – делінген хабарламада. 

Фото: nationalbank.kz/2023 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңгелік банкнота

Сондай-ақ ұлттық банк заңды төлем құралы саналатын банкноталар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту әкімшілік құқық бұзушылық болып саналатынын атап өтті. 

Еске салсақ, 2023 жылы Қазақстанда жаңа 5 000 теңгелік банкноталар айналымға шыққан еді. 

Талқылау